TOPREELSinfo
Страница блогера · обновлено 10 октября
ladakz_qz

MANGYSTAU | AKTAU жаңалықтары

@ladakz сайтының қазақ редакциясы Фото,видео немесе жарнама бойынша ⤵️

0
Подписчики
0
Роликов в базе
0
Рубрики
Рубрики Видео-блогерыРазвлечения
Лучшие и другие ролики блогераПоказано 5 из 12
№1
880 731
Просмотры
2 689
Просмотры за неделю
87 580
Подписчики
29 811
Лайки
vER 1005%instagram ↗

Іздестіру іс-шаралары барысында мына тұлғалардың денелері табылды: 1. Мадихан Азамат Болатбекұлы, 10.06.2007 ж.т., Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзен қаласында тұрған; 2. Төлеген Ақылбек Қабенұлы, 11.02.2007 ж.т., Маңғыстау облысының тумасы, Жармыш ауылында тұрған; 3. Бердиханов Мейрамбек Ермуханұлы, 21.03.2006 ж.т., Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзен қаласында тұрған; 4. Аяпберген Сержан Талғатұлы, 18.02.2006 ж.т., Маңғыстау облысының тумасы, Ақтау қаласында тұрған; 5. Мұхтарұлы Олжас, 09.01.2003 ж.т., Түркістан облысының тумасы; 6. Темиргалиев Женис Тілеушеевич, 08.05.2005 ж.т., Батыс Қазақстан облысының тумасы, мекенжайы: Бөрлі ауданы; 7. Кобенов Алмас Жусипулы, 23.01.2006 ж.т., Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстан тумасы, мекенжайы: Мұнайлы ауданы, Баянды-3 ауылы; 8. Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы, 23.04.2007 ж.т., Батыс Қазақстан облысының тумасы, мекенжайы: Бәйтерек ауданы; 9. Жаңабай Асет Саматұлы, 19.09.2006 ж.т., Маңғыстау облысының тумасы, мекенжайы: Маңғыстау ауданы, Шетпе а.; 10. Бегей Дастан Нурболұлы, 03.09.2007 ж.т., Маңғыстау облысының тумасы, мекенжайы: Жаңаөзен қ.; 11. Диханбаев Олжас Тажибайұлы, 14.12.2005 ж.т., Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзен қаласында тұрған; 12. Гилаж Ақжайық Болатбетұлы, 15.09.2006 ж.т., Батыс Қазақстан облысының тумасы, Орал қаласында тұрған; Хабар-ошарсыз кеткендер ретінде тіркелгендер: 1. Гумаров Мансур Айтбайулы, 02.06.2007 ж.т., Батыс Қазақстан облысының тумасы, Ақжайық ауданында тұрған; 2. Турдыбекұлы Мирас, 17.08.2007 ж.т., Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылының тумасы; Маңғыстау облыстық ауруханасында ауыр жағдайда жатыр: 1. Темерхан Ақжол Тимурұлы, 11.08.2007 ж.т., Маңғыстау облысының тумасы, мекенжайы: Жаңаөзен қ.

№2
522 893
Просмотры
306
Просмотры за неделю
87 580
Подписчики
12 421
Лайки

Ақтау жағалауында Каспий теңізінің түбінде балық аулау сәті таспаланған бейнежазба желі қолданушыларының назарын аудартты. Бейнероликте су астындағы бетон бөгеттердің арасында жүзген балықты сүңгуірдің суасты мылтығымен атып алғаны анық көрінеді. Әлеуметтік желіде тараған бұл кадрлар оқырмандар арасында қызу талқылау тудырды. Соңғы жылдары Каспий жағалауында су астында балық аулау мен сүңгуірлік спорт түрі кеңінен таралып келеді. Жергілікті әуесқойлар мен спортшылар мұндай аңшылық түрі ерекше дайындықты, су астында ұзақ уақыт тыныс алуды және жоғары дәлдікті талап ететінін айтады.

Рилс @ladakz_qz№3
226 487
Просмотры
87 571
Подписчики
7 024
Лайки
vER 258,6%instagram ↗

Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болды. Алдын ала мәлімет бойынша, теңізге 19 әскери қызметкерді алып кеткен. Қорғаныс министрлігі 9 адамның қаза тапқанын растады. Оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында, оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында болған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілер теңізге кеткен. Қазіргі уақытта 9 адамның мәйіті табылған. Тағы үш әскери қызметші құтқарылған, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалған әскери қызметшілерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Рилс @ladakz_qz№4
110 723
Просмотры
87 571
Подписчики
4 937
Лайки
vER 126,4%instagram ↗

Джеки Чан Маңғыстау облысына ұшып келді Бүгін, 13 шілдеде Маңғыстау облысына әлемге әйгілі актер, режиссер әрі каскадер Джеки Чан келді. Киножұлдызы аймаққа «Доспехи Бога 4: Ультиматум» (Armour of God: Ultimatum) атты жаңа халықаралық көркем фильмнің түсіріліміне қатысу үшін ұшып келген. Ауқымды киножобаның негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде Маңғыстаудың таңдалуы әлемдік киноиндустрияның Қазақстанның табиғи ландшафттарына деген қызығушылығын көрсетеді. Туындының басты локацияларының бірі әлемге әйгілі Бозжыра шатқалы болмақ. Осы ретте өңірдегі туризмді дамытудың маңыздылығы жиі айтылғанымен, инфрақұрылым мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Бәлкім, Голливуд деңгейіндегі бұл жобадан кейін табиғи нысандарға баратын жолдардың жағдайы да халықаралық стандарттарға жақындар. Түсірілім тобын қабылдау барысында бұл жобаның аймаққа инвестиция тартып, өңірді халықаралық деңгейде танытуға жаңа мүмкіндіктер беретіні атап өтілді. Өз кезегінде Джеки Чан жылы лебіз үшін алғыс айтып, Маңғыстаудың табиғаты бірегей кинематографиялық әлеуетке ие екенін және болашақ фильмнің ажырамас бөлігіне айналатынын жеткізді.

Рилс @ladakz_qz№5
77 086
Просмотры
87 571
Подписчики
422
Лайки

Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Қанат Ниязбековтің айтуынша, оқу-жаттығуға бас-аяғы 300 адам қатысқан. Тілшілерге берген жауабында ол оқиғаның қалай болғанын баяндады.

♪ ladakz_qz — Оригинальное аудио

Полный индекс — это 1000+ рилсов каждую неделю

Избранное, выгрузки, история позиций и фильтры без ограничений — на любом из тарифов.

Выбрать тариф →